Сайтта тіркелген адамдар саны
155,596
Модераторлар саны
77
Шежіреде жазбалар (адамдар) саны
0
Қарастырылған өтінімдер саны
0
Шежіре туралы
Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Түркі, соның ішінде қазақ ойшылдары топтаған Шежірелердің ең бағалылары — Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қыдырғали Жалайыридың еңбектері болып саналады. Сондай-ақ “Көшен-Қарауыл шежіресі“ (18 ғасыр), “Жәңгір хан шежіресі“ (1835), Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүз шежіресі“.
Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден кұт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз! Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөзді асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, Дәмі, тұзын ақтай білген елміз, Асқақтаған хан болса, Хан ордасын таптай білген елміз!
Қазыбек би
